Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облыстық мәслихаты құрылып, оның алғашқы хатшысы сайланды

Жетісу облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы өтіп, оның хатшысы ретінде Гүлнәр Қожағұлқызы Тойлыбаева сайланды.

08.06.2022
Жаңалықтар

«8 маусым күні облыстық мәслихат хатшысы Даулет Жарасбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, жалғасы кезектен тыс ХХ сессиямен жалғасты», — деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Гүлнәр Қожағұлқызы алғаш еңбек жолын мектеп мұғалімі қызметінен бастаған. Әр жылдары ұстаздық қызмет атқарды. Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, одан кейін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында бөлім меңгерушісі, аталған мекемеде төрағаның орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Осы уақытқа дейін «Аmаnat» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметінде болған.

«Үлкен жауапкершілік деп қараймын. Сеніммен ақтауға және облысымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына барынша өзіміздің үлесімізді қосатын боламыз. 3000-нан аса сайлаушыларымыз бар.  Ары қарай да бюджеттің қомақты болуына бюджеттің көбеюіне еңбек ететін боламыз»,- деп бөлісті Гүлнәр Қожағұлқызы.

Бұдан бөлек, бүгін Жетісу облысының мәслихатының тұрақты комиссиялары мен Жетісу облыстық мәслихатының аппараты құрылды. Депутаттар оның құрылымы мен штат кестесін, регламентін бекітті.

Жиын нәтижесінде Алматы облыстық мәслихатында – 26 депутат, Жетісу облыстық мәслихатында – 19 депутат болып бөлінді. Енді олар Президент ұсынған жаңа әкімдерге дауыс беруі тиіс.

Айта кетейік,  Президенттің Алматы облысының құрамынан Жетісу облысын бөліп шығару туралы қаулысы бүгін күшіне енді.

КӘМШАТ МҰХАМЕДЖАН

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz