Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие қараша айында қайта басталады

Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы барысында «Индустриялық даму қоры» АҚ төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.09.2022
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың көлік үшін төлейтін пайыздары банк шоттарына түседі және қайтадан сол жылдық 4%-бен несие түрінде беріледі.Сөйтіп жеңілдетілген автокөлік несиелерін беру қараша айында қайта басталады.

Ақша таусылғандықтан, жеңілдетілген автокөлік несиелерін беру тоқтатылған болатын.

«Айналмалы қорлар түсе бастады. Менің ойымша, айналым қаражаты қайтадан бағдарламаға енгізіліп, қаржыландыру қарашаның бірінші жартысында ашылады деп ойлаймын. Қараша айынан бастап жыл сайын 2000 автокөлік болады», — деді ол.

Ринат Ғаппаровтың айтуынша, сатып алушылар «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауыттарында шығарылған көліктерді таңдай алады.

Жеңілдетілген автонесие шарты бойынша, кез келген қазақстандық 4 пайызбен несиеге 10 миллион теңгеден аспайтын бағаға көлік ала алады. Бастапқы жарна 0 пайыздан басталады. Несие 7 жылға дейін қаржыландырылады.

Ал көлік 10 миллионнан қымбат болса, 1-2 миллионды өз қалтаңыздан төлеп, несие рәсімдеуге болады. Өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автонесие берілмейді. Көлік құралының құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Клиенттің жасы 21-ден асуы қажет. Тұрақты айлық табысы ресми дәлелденуі міндетті. Әрбір екінші деңгейлі банк өз клиентін жеке қарайтынын білген дұрыс. Оның ішінде тұтынушының несие тарихы, табыс көзі және тағы да басқа шарттар міндетті түрде қаралады.

Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер белгілі болғаннан кейін, бірден жеңілдетілген несие алуға өтініш жазуыңыз керек. Бұл жылдам бітетін рәсім емес: банк сіздің төлем қабілетіңіз, несие тарихыңызды зерттейді, ай сайынғы табыс және тағы басқалары.

Әрі қарай тұтынушы автосалонға барып, отандық өндіріс автокөлігін таңдауы керек. Автосалонның өкілдері қарыз алушыға қолданылу мерзімі 5 банктік күннен аспайтын VIN-кодты көрсете отырып, төлемге шот береді. Тұтынушы банкке VIN-кодты көрсете отырып, төлем шотымен жүгінуі қажет. Банк өтінімді қабылдаған сәттен бастап тұтынушы электрондық кезекке тұрады. Банк тұтынушының төлем қабілетін және кредиттік тарихын қарап, оң шешім қабылданған жағдайда банк кредит беруге мақұлдау­ды және қолданылу мерзімі 5 банктік күннен аспайтын кепілдік хатын береді. Оны алғаннан кейін тұтынушы автокөлікті рәсімдеу үшін автосалонға жүгінуі тиіс.

Егер тұтынушы кепілдік хатты алған сәттен бастап 10 банктік күннен кешіктірмейтін мерзімде банктік қарыз шартын рәсімдемесе, ол кезектен автоматты түрде шығарылады.

Өтінім бергеннен кейін тұтынушы таңдалған автомобильдің маркасын және моделін өзгерте алмайды немесе кезекте тұрған орынды басқа жеке тұлғаға қайта тіркей алмайды.
Бас тартқан жағдайда қарыз алушы электрондық кезектен шығады және оның орны­на жаңа қатысушылар қосылады.

Бағдарламаға бір тұтынушы екі жылда бір рет қатыса алады.

2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 13 307 несие мақұлданды, оның ішінде осы күнге дейін 10 000-нан астам автокөлік берілген.

Соңғы жаңалықтар

Фото: kopsozkz

Конституция күні жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі

Мөлдір Иманмади
16.03.2026

Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарында референдумға қатысу 90 пайыздан асты

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Exit poll: қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Алматы облысында референдум қалай өтті?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында ерекше жағдай: учаске жабылған сәтте келген тұрғын дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz