Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жел, нөсер жаңбыр. 21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2024
Жаңалықтар

«Қазгидромет» синоптиктері 21 қазан, дүйсенбі күнгі ауа райы болжамын жариялап, бірнеше аймақта қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай облысының солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында найзағай ойнап, батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының солтүстік, батыс және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндізгі уақытта екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады, ал солтүстік және оңтүстік аймақтарында тұман түседі.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз батыс және оңтүстік аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік және батыс аудандарында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысы мен орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Жамбыл облысының батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарында, сондай-ақ таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz