Куәгерлердің айтуынша, бала велосипедпен жүрген, қиылысқа келгенде екпінін тоқтата алмай, қоқыс жинайтын жүк көлігінің астына кіріп кеткен.
«Бұл қиылыста әрдайым күтпеген жағдайлар болады. Барлық жол белгілері бар екеніне қарамастан, бұл жерде апаттар әр мезгілде орын алады. Кейбірі бұл жерді сиқырлы қиылыс деп атайды», — дейді жергілікті тұрғындар.
«Бұл жерге полиция қызметкерлерін қою керек, егер әкімдік бұл жолды жасап бермесе, онда ауыл тұрғындары оларды өз қаражатына салуға дайын», — деп жергілікті күзетшілер әкімдікке үндеу жасады.