Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңаөзендегі кен орнында жұмысшы қаза тапты

Жаңаөзенде "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мердігері "МұнайСпецСнаб Компани" ЖШС қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Алдын ала мәлімет бойынша, «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС цементтеу бөлімшесінің жүргізушісі бригада жұмысшыларын орналастыруға арналған дөңгелекті тұрғын көлік — мәдениет кабинасының баспалдақтарымен көтеріліп бара жатқанқанда қаза болған.

«Көтерілу кезінде ол электр сымының зақымдануы салдарынан ток соғып, құрылымның корпусына ток тарады. Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері жұмысшының қайтыс болғанын растады. Оқиғаның алдын ала себебі — тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын бұзу», — делінген хабарламада.

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкердің өліміне қатысты түсінік берді.

«27 қаңтарда «Өзен» кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеудің түнгі ауысымында жазатайым оқиға болып, мердігер компания – «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС жұмысшысы қаза тапты. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау, алдағы уақытта мұндай жағдайларды алдын алу үшін мемлекеттік еңбек инспециясының жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС мен «Өзенмұнайсервис» ЖШС басшылығының ерекше бақылауында», — деп хабарлады компания.

Жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қаза тапқан жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсететінін мәлімдеді.

 

Тегтер: апатКен орныМаңғыстау

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz