«Қазір пойыз кестесі бойынша талдау жүріп жатыр. Жаңа жылда қосымша пойыздарды іске қосу жоспарда жоқ. Дегенмен жолаушылар ағынына қарай пойыздарға қосымша вагондар барлық бағыт бойынша қосылады», — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында.
Бас директордың мәлімдеуінше, қосымша вагондар 25 желтоқсаннан бастап сапарға шығады.