Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында мемлекеттік гранттар үш есе қысқарады

Биыл елімізде мемлекеттік гранттар саны үш есеге қысқарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.04.2025
Жаңалықтар
inbusiness.kz

inbusiness.kz

Соның нәтижесінде жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттер саны айтарлықтай азаюы мүмкін.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2030 жылға дейін Қазақстан экономикасына шамамен 885 мың білікті маман қажет болады. Әсіресе, инженерлік салада қызмет ететін кадрларға сұраныс жоғары. Нақтырақ айтқанда, алдағы бес жылда елімізге 529 977 инженер маманы керек. Сонымен қатар, еңбек нарығында педагогтерге деген сұраныс та тұрақты түрде сақталмақ. Министрлік деректері бойынша, мұғалімдерге деген қажеттілік жалпы сұраныстың 21 пайызын құрап отыр. Бұл дегеніміз – кем дегенде 185 мың талапкер педагогика мамандығын таңдауы тиіс.

Алайда биыл 220 мыңға жуық талапкердің ішінен мемлекеттік грантқа тек 71 844 орын ғана бөлініп отыр. Салыстырмалы түрде алғанда, өткен жылы 112 мың талапкерге грант берілген еді.

Жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс аясында инженерлік, қайта өңдеу және құрылыс салаларына басымдық беріледі. Аталған салаларға 20 878 грант бөлінген. Педагогикалық бағыттағы мамандықтарға 17 898 грант қарастырылса, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына 12 087 грант бөліну жоспарланған.

Білім беру саласындағы бұл өзгерістер еліміздің еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып жасалып отыр. Дегенмен, талапкерлер үшін грант санының күрт азаюы оқу ақысына қатысты жаңа қиындықтарды тудыруы мүмкін.

Тегтер: Басты жаңалықтаргрантоқу

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz