Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Жамбыл облысында жауынгер өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Жамбыл облысының «Шөлдала» шекара бөлімшесіндегі жауынгер өліміне қатысы бар болуы мүмкін күдікті қамауда отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

01.09.2022
Жаңалық, Қоғам

Ведомство дерегінше, шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгер Мираш Д.Б. өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Қызметік өкілеттікті асыра пайдаланып, салдары зардапқа әкеліп соқтырған) тергеліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу жұмысымен ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі айналысып жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Тараздың мамандандырылған тергеу соты оны қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды», — деп мәлім етті Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін белсенді Бибігүл Рамазан өзінің Facebook парақшасында Жамбыл облысында мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген сарбаздың қайтыс болғанын жазған болатын. Оның мәліметінше, 18 жастағы жауынгер өзіне қол жұмсаған.

Тегтер: Жамбыл облысыкүдіктіқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz