Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жамбыл облысында бүтін бір ауыл жарықты доллармен төлеп отыр

Арнайы тағайындалған адам ай сайын шекара асып, жарық үшін төлем жасайды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

13.09.2022
Жаңалықтар

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Жауғаш батыр ауылы жарықты Қырғызстаннан алады. Сондықтан көрші елден алатын электр қуатына төлемді доллармен жасайды. 18 жыл бұрын трансформатор мен электр желілері бағанасымен қоса тоналып, тұрғындар жарықсыз қалған. Олар екі жыл бойы білте шаммен отырып, ақыры Қырғызстаннан қуат көзін алуға келіскен. Содан бері халық мемлекетаралық тұтынушы ретінде қымбатшылыққа тап болды.

«Мемлекетаралық тарифпен алып жатырмыз. Линия, басқасы бар, әр үй 100 киловаттқа 14-15 мыңнан төлеп отырмыз. Оның өзі проблема. Қырғызстанға бір адам жіберіп, ол шекарадан өту керек. Оны долларға айырбастап, қайта сомға айырбастап өткіземіз», — дейді Жауғаш батыр ауылының тұрғыны Өмірбек Оразбаев.

Арнайы тағайындалған бір адам ай сайын төлем жасау үшін Қырғызстанға барып тұрады. Оның жол шығыны көпшіліктің мойында. Осылайша онсыз да ең қымбат тарифпен есептесетін халық қосымша тағы қалтадан қағылып жүр. Қымбат тоқтың өзі тұрақсыз көрінеді. Аздап жел тұрса өшіп қалады. Жергілікті жұрт шекарадан өтіп бара алмайды. Ал ескірген бағаналар мен электр желілерін жергілікті билік ауыстыра алмайды. Өйткені олар көрші елдің меншігінде.

«Жобамен жарық тартудың құны 532 миллион. Мұндай қаражат аудан бюджетіне ауыр. Сондықтан Энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық басқармасына жыл басында өтінім бергенбіз. Өтінім тиісті министрлікке де жіберілді. Өкінішке қарай, әлі күнге жоба қолдау таппай отыр», — деді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғынбаев.

Қазақстанда тұрып шетел валютасына байланған тұрғындардың жайы әзірге өзгеріссіз қала бермек. Оларға доллар бағамының өспеуі аса маңызды. Себебі, тариф қымбаттап кетуі мүмкін.

Тегтер: долларЖамбылжарық

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz