2025 жылы зейнетақы қорындағы ең төменгі жеткілікті шек өзгермейтін болды. Бұл шешім қорда жинақталған артық қаражаты бар азаматтарға оны шешіп алу мүмкіндігін береді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, жеткілікті шек бірнеше жыл бойы бір деңгейде сақталып отыр.
Енді Қазақстан азаматтары зейнетақы қорындағы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу немесе басқа да мақсаттар үшін пайдалана алады. Төменде жас бойынша белгіленген жеткілікті шек мөлшерлері келтірілген:
- 20 жас – 3 260 000 теңге
- 25 жас – 3 890 000 теңге
- 30 жас – 4 580 000 теңге
- 35 жас – 5 310 000 теңге
- 40 жас – 6 100 000 теңге
- 45 жас – 6 950 000 теңге
- 50 жас – 7 860 000 теңге
- 55 жас – 8 840 000 теңге
- 60 және одан жоғары жас – 9 890 000 теңге
Бұл шектер азаматтардың жасы ұлғайған сайын қажетті жинақ сомасының өсуіне сәйкес анықталған. Жас мөлшеріне байланысты жеткілікті шектен асатын қаражатты шешіп алу мүмкіндігі қор пайдаланушыларына қаржылық жоспарларын тиімді жүзеге асыруға көмектеседі.
Жинақ сомасын шешіп алу үшін БЖЗҚ-ға өтініш беру қажет. Толығырақ мәліметті қордың ресми сайтынан білуге болады.