Ведомство мәліметінше, ол Mellstroy жобасына байланысты заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2024–2025 жылдары Ювашев онлайн-казино желісін құру және басқаруға қатысқан. Оның ішінде Mellstroy сайты да бар.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қаржы ағындарын жасыру және заңдастыру үшін 22 жалған компания тіркелген. Сондай-ақ POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат өткен.
«ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті мемлекетаралық іздеуге жариялады: Ювашев Ильяр Салаватович, 23 маусым 1998 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, andersonchik1 лақап атымен танымал блогер», – делінген хабарламада.
Ведомство Астана қаласындағы экономикалық тергеу департаментіне күдіктінің жүрген жері туралы кез келген ақпаратты хабарлауды сұрады. Ақпарат бергендерге сыйақы төленіп, анонимдігі сақталатыны айтылды.
Сонымен қатар ҚМА Беларусь азаматы Андрей Буримге (Mellstroy ретінде белгілі) қатысты тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Ол да халықаралық іздеуде.
Тергеу нұсқасына сәйкес, блогер интернет-казиноны жарнамалау мақсатында түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырып, қолданушыларды брендті атап, сілтемелері бар бейнероликтер жариялауға итермелеген.





