Ведомство мәліметінше, биылғы жарыста 79 медаль жиынтығы сарапқа салынып, әлемнің 600-ден астам спортшысы бақ сынайды. Ойындар бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген.
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасы пара шаңғы және пара биатлон бойынша жарысқа қатысады. Ұлттық құрама сапында Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Владислав Кобаль бар.
Қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.





