Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚХА Украина елшісінің мәлімдемесіне қатысты үндеу жариялады

Үндеу Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

23.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР-дағы Украина елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздерін қатаң айыптаймыз және ондай сарындағы мәлімдемелерге жол беруге болмайды деп санаймыз. Бейбітшілік пен бірлік – біздің мемлекеттік саясаттың және қоғамдық бірігудің басты қағидасы. Сондықтан мұндай пікірді кім айтса да біздің қарсылығымызға ұшырайды», – делінген Ассамблея үндеуінде.

Ассамблея мүшелерінің мәліметінше, дипломатия – өшпенділік пен араздықты қоздыру үшін емес, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарына қызмет етуі тиіс. Қазақстанның біртұтас көпэтносты халқы үшін достық, өзара көмек және бейбітшілік қағидалары мызғымайтын ұстаным.

«Барлық қазақстандықты дұшпандық пен зұлымдықты насихаттайтын арандатуларға ермей, ұрпақтың бүгіні мен болашағы үшін елдегі бейбітшілік пен халық бірлігін сақтауға және нығайтуға шақырамыз», – деп жазылған үндеуде.

Естеріңізге сала кетсек, Украина елшісі Диас Құзайыровқа берген сұхбатында: «Шамамыз келгенше көбінің көзін жоюға тырысамыз. Қазір орыстарды көбірек өлтірсек, біздің балаларымыз оларды өлтіруге көп күш жұмсамайтын болады», – деп мәлімдеген еді.

Тегтер: ҚХАУкраинаүндеу

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов проверил готовность системы раннего обнаружения лесных пожаров и оснащенность «Семей орманы»

Николай Иващенко
09.04.2026

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz