Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Уақыт белдеуіне қатысты петиция бойынша шешім жарияланды

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев "Уақытты кері қайтару" петициясы бойынша шешімді айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.08.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Ведомствоның хабарлауынша, жұмыс тобы ұсынған барлық дерек пен дәлелдемені, ғылыми зерттеу мен ұсынымды зерделей отырып, Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерін бір сағатқа кері ауыстыру табиғи күн циклдеріне сәйкес келетіні және ғылыми зерттеулер мен ұсынымдарға негізделгені расталды.

«UTC + 5 уақыт белдеуі Қазақстан Республикасы аумағының көп бөлігінде табиғи циклге барынша жақын стандартты уақыт белдеуі болып есептеледі. Стандартты уақыт белдеуінің оң әсері туралы негізделген халықаралық ғылыми зерттеулерді және уақыттың ауысуы халықтың денсаулығына кері әсер еткенін  растайтын деректердің болмауы негізінде Сауда және интеграция министрлігі петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар жұмыс тобына қатысушыларының дәлелдерін назарға ала отырып, тиісті талдаулар мен қосымша зерттеулер жүргізу қажет екені айтылды.

Денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктеріне UTC + 5 уақыт белдеуінің алдағы үш жылда халықтың денсаулығына қалай әсер ететіне зерттеу жүргізу ұсынылды.

Ұлттық экономика және энергетика министрліктеріне жылу маусымы мен маусымдық өзгерістерді ескере отырып, өңірлерде электр энергиясын тұтынуға мониторинг және талдау жүргізу тапсырылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұйымдар мен кәсіпорындарға күндізгі уақытты ескере отырып, жұмыс кестесін түзету мүмкіндігін түсіндіру ұсынылды.

«Өтiнiш берушiнiң қабылданған шешiмге Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк рәсiмдiк-iс жүргiзу кодексiнiң 91-бабына сәйкес шағымдануына құқығы бар», — деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, 2024 жылғы 7 маусымда E-Petition.kz порталында орналастырылған петицияны ресми қарау үшін жеткілікті қол жиналды. Осыған байланысты Сауда және интеграция министрлігі құрамына петиция авторлары, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар кірген жұмыс тобын құрды.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz