Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі асулы күйі табылды

Степногорск, сондай-ақ Ақтау маңындағы әскери бөлімдердегі Ұлттық Ұланның екі әскери қызметшісінің асылып қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

31.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

«29 шілде күні сағат 21:00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Н.А.Оразбайдың асылып тұрғанын көреді», – деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Автопарктің кезекші қызметі Н.А.Оразбайға жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногорск Орталық қалалық ауруханасына жеткізген. Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растады.

Қатардағы Оразбай Н.А. 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған. 

Екінші қайғылы жағдай 30 шілдеде Ақтауда орын алды.

«30 шілде күні сағат 05:15-те әскери бөлімге аға сержант А. С. Мерғалиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат келіп түсті. Мән-жайды нақтылау кезінде жұбайының түнгі сағат 03:30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасынан (тұрғылықты мекенжайы: Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, Балдырған көшесі 7) асылып тұрған күйінде тауып алғаны белгілі болды», – ведомствоның баспасөз қызметі.

Арнайы комендатураның қарауыл бастығы аға сержант Мерғалиев Абылай Серікұлы 1990 жылы туған, үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.

Аталған фактілер туралы кезекші қызмет желісі бойынша тиісті органдарға хабарланды. Оқиғалардың мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.

«ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мерзімдік қызмет әскери қызметшісі Н.А.Оразбайдың және келісім шарт бойынша әскери қызметші А.С.Мерғалиевтің ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтады», – деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Тегтер: қайғылы оқиғаҰлттық ұлан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz