ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде 4 қыркүйекте жарияланды. Онда бас қолбасшының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, генерал-майор Константин Воронкиннің 2023 жылы пара алу фактісі бойынша ұсталғаны айтылған.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі ақпаратты растады.
«ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін құзыретті органдар ІІМ-мен бірлесіп жүргізуде», – делінген хабарламада.