Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық құрылтайда БАҚ туралы заңнаманы өзгерту ұсынылды

Қызылорда қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңнаманы жетілдіру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.01.2026
Жаңалықтар

Отырыста «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының директоры Қарлығаш Жаманқұлова отандық БАҚ-ты қолдауды күшейтіп, салалық заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынды.

«Қазіргі таңда сырттан келетін ақпарат көлемі күн сайын артып келеді, ал адамның оны толық түсініп, сараптау мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан қоғамдағы оқиғалардың нарративін өзіміз айқындай алуымыз қажет. Түсіндіру логикасын өзгелер емес, өзіміз белгілеуіміз маңызды. Сонымен қатар медиасауаттылықты жүйелі түрде күшейту қажет. Медиасауаттылық – қоғамды сыртқы ақпараттық манипуляциялар мен қауіп-қатерлерден қорғаудың тиімді құралы. Медиа сауаты бар азамат әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа тәуелді болмайды» — деді Қарлығаш Жаманқұлова.

Оның айтуынша, отандық бұқаралық ақпарат құралдары мен кәсіби журналистиканы қолдау аса маңызды.

«Шынайы әрі сапалы ақпаратқа деген сұраныс азайған жоқ. Отандық БАҚ бірқатар қиындықтарға қарамастан өз жұмысын абыроймен жалғастырып келеді. Осы орайда, Президент мырза, БАҚ-ты қолдауыңызды сұраймын» — деді Қарлығаш Жаманқұлова.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоғамдық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова қоспалаталы жүйеден бір палаталы модельге көшу мәселесі аясында партиялық тізімдердегі әйелдер квотасын сақтап қалу жөнінде жеке өтініш білдірді.

«Партиялық-саяси жүйе аясында тиісті заңнамалық реттеу қажеттігін өзіңіз де ұсындыңыз. Әйелдердің заң шығарушы органдардағы тұрақты қатысуы қабылданатын шешімдердің сапасын арттырып, күн тәртібін кеңейтеді. Осыған байланысты 2022 жылы Сіздің (президент- автор) бастамаңызбен қолға алынған саяси жүйені жаңарту қағидаттарының сабақтастығы мен институционалдық нығаюы аясында әйелдер квотасын 30 пайыз деңгейінде норма ретінде сақтауды сұраймын», — деді Қарлығаш Жаманқұлова.

Сондай-ақ ол журналистердің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін заң жобасын жеңілдетуді сұрады.

«Қылмыстық кодекстің 158-бабы журналистердің құқықтарын толық көлемде қорғай алмай отыр. Осыған байланысты құқық бұзудың бір бөлігін әкімшілік жауапкершілік санатына көшіруді ұсынамыз. Бұл журналистердің кәсіби қызметін неғұрлым тиімді қорғауға мүмкіндік береді», — деді ол.

Тегтер: БАҚзаңқазақстанҰлттық құрылтай

Соңғы жаңалықтар

В Конаеве состоялось шоу дронов в поддержку референдума по проекту новой Конституции

Николай Иващенко
12.03.2026

В Конаеве проведена информационно-просветительская экологическая встреча на тему «Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі!»

Николай Иващенко
12.03.2026

Президент рассказал, что непосредственно участвовал в подготовке текста Новой Конституции, уделяя внимание каждой ее главе и каждой статье

Николай Иващенко
12.03.2026

Своих не бросаем: Казахстан эвакуировал более 9 тыс. граждан из зоны ближневосточного конфликта

Николай Иващенко
12.03.2026

Проект Основного закона – яркий пример гуманного отношения к гражданам — Токаев

Николай Иващенко
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz