Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: үш жылда 7 миллион балаға 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылды

Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының үш жылдағы нәтижесі белгілі болды. Осы уақыт аралығында елдегі 7 миллионнан астам балаға аударылған жинақтардың жалпы сомасы 2,5 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026
Жаңалықтар, Қоғам, Саясат

Бағдарлама Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Жоба ұлттық байлықты әділ бөлуге және жас ұрпаққа тең мүмкіндіктер беруге бағытталған.

Биыл бағдарламаға 2008–2025 жылдар аралығында туған 6 миллион 918 мың 656 бала қатысты. Ұлттық қордың инвестициялық табысынан аударылған қаражаттың жалпы көлемі 900 миллион доллардан асты.

2026 жылы әр балаға 130,71 доллар мөлшерінде аударым жасалды. Ал биыл кәмелет жасқа толған 356 мың 613 азаматқа жалпы 132,1 миллион доллар көлемінде қаражат қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, бағдарламаның басты ерекшелігі – қаражатты капиталға айналдыру мүмкіндігі. Өткен кезеңдердің қорытындысы бойынша әр балаға есептелген 232,94 доллар сомасына қосымша 6,91 доллар инвестициялық табыс есептелген.

Осылайша жоба іске қосылған сәттен бері үш жыл ішінде инвестициялық кірістерді ескере отырып, бағдарламаға қатысатын әр балаға тиесілі жинақтың жалпы көлемі 370,56 долларды құрады.

Бағдарлама аясында жиналған қаражат жастардың өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталып жатыр. Мәселен, қаржының негізгі бөлігі – 26,3 миллион доллар – мақұлданған 158 774 өтінім бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалған.

Ал 94 068 өтінімге сәйкес 15,5 миллион доллар білім алуға бағытталған.

Жинақты қалай тексеруге болады

Бағдарламаның барлық тетігі толық цифрландырылған. Ата-аналар баласының жобаға қатысып жатқанын және жинақ сомасын бірнеше тәсіл арқылы тексере алады:

  • kids.enpf.kz сайтында (баланың ЖСН арқылы);

  • egov.kz порталындағы жеке кабинетте;

  • Kaspi.kz, Halyk және Bcc.kz мобильді қосымшалары арқылы.

Айта кетейік, бала 18 жасқа толғанда жинақталған қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы арнайы шотқа аударылады. Оған электронды цифрлық қолтаңба арқылы тек қаражат иесінің өзі ғана қол жеткізе алады.

Егер бала туралы деректер қосымшаларда табылмаса, азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну ұсынылады. Ал азаматтықты растау үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне бару қажет.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе оқу ақысын төлеу үшін жинақ иесі уәкілетті операторлар арқылы өтініш бере алады. Бұған дейін бағдарлама аясында жұмыс істеген «Отбасы банк» пен Halyk Bank-ке 2025 жылдың ортасынан бастап «ЦентрКредит Банкі» қосылды. Бұл жастарға таңдау мүмкіндігін кеңейтті.

Сарапшылардың пікірінше, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы Қазақстанның әлеуметтік саясатта адам капиталына ерекше мән беретінін көрсетеді. Бағдарлама жастарға сапалы білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға нақты қаржылық қолдау беруге бағытталған.

Тегтер: ҚазақстанҰлттық қордан - балаларға

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімі республикалық олимпиадада І орын иеленді

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

«Ұлттық қор – балаларға»: үш жылда 7 миллион балаға 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Алатау қаласында екі жаңа автобус маршруты іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қазгидромет 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қонаев қаласында референдумды қолдау мақсатында дрон-шоу өтті

Мөлдір Иманмади
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz