Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық банк қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

Ұлттық банк елімізде банктің ресми бланкілерін пайдаланып, жалған құжаттармен азаматтарды алдауға тырысатын алаяқтардың көбейіп кеткенін ескертті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2025
Жаңалықтар

Алаяқтар өздерін Ұлттық банктің өкілі ретінде таныстырып, азаматтарға несие берешегі бар деген сылтаумен жалған хаттар жіберуде. Сенімге кіру үшін құжаттарға уәкілетті тұлғаның жалған қолын, аты-жөнін және мөрін де жалған түрде қоса көрсетіп отырады. Бұл әдіспен олар азаматтарды ақша аударуға итермелеп, қаржысын иемденуге тырысады.

Сонымен қатар, қаскөйлер жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, Ұлттық банк қызметкерлерінің бейнесін қолдана отырып жалған бейнероликтер жасауда.

Осыған байланысты Ұлттық банк қазақстандықтарды:

  • күмәнді шоттарға ақша аудармауға,

  • расталмаған ақпарат пен жалған құжаттарға сенбеуге,

  • қырағы болуға шақырады.

Ұлттық банк мыналарды ресми түрде мәлімдейді:

  • Жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді;

  • Кредит берумен айналыспайды;

  • Заңгерлік көмек көрсетпейді;

  • Азаматтармен тікелей ақшалай есеп айырыспайды.

Егер сізге бейтаныс адам мемлекеттік орган немесе Ұлттық банк қызметкері атынан хабарласса, әңгімені тоқтатып, қажетті жағдайда ресми нөмір арқылы өз бетінше хабарласу ұсынылады.

Алаяқтарға тап болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Сондай-ақ, Ұлттық банктің байланыс орталығына – 1477 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Фото: naryk.kz

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz