Ұлттық банк «Айырбастау пункттерінде жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаны теңгеге сатып алу мен сату бағамы арасындағы ауытқулардың шектерін белгілеу туралы» қаулы жобасын дайындады. Құжатта доллар үшін ауытқу шегін 7 теңге, ал еуро үшін 10 теңге деңгейінде белгілеу ұсынылған.
«Бұл өзгерістер, ең алдымен, валюталық нарықтағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға және қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Айта кету керек, шектеулер қолма-қол емес валюталық операцияларға әсер етпейді», – деп мәлімдеді Ұлттық банк.