Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық банк 2000 теңгелік жалған банкнот көбейіп кеткенін ескертеді

ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі елімізде биыл 2000 теңгелік жалған банкноттың көбейгенін жеткізді.

15.11.2022
Жаңалықтар

161 дана жалған 2 000 теңгелік банкнот анықталды. Одан кейінгі орындарда номиналы 10 000 теңгелік – 27 дана, 5 000 теңгелік – 24 дана, қалған 16% – басқа номиналдарға тиесілі. Қолдан жасалған ақшалардың көбі Алматыда тәркіленді – 126 дана (50%), Шығыс Қазақстан облысында – 59, Астанада – 22 дана.

«2022 жылдың 10 айында 739 650 теңге сомасына 250 жалған ақша банкноты анықталды. Бұл — 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға аз», — деді ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстанда жалған банкноттар көп жағдайда компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда түрлі түсті принтердің көмегімен жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар көрнекі қорғаныш элементтерін түпнұсқаға мейілінше ұқсатуға тырысады.
ҚР Ұлттық банкі түпнұсқаны жалған ақшадан қалай ажырату керектігін айтты.

Барлық банкнотта көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы білінетін шығыңқы, жоғары бедерлі элемент түрінде белгілер бар. Банкноттың түсі анық әрі айқын болуы тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін ақшаны жарыққа ұстап қарау керек.

Банкноттың бетіндегі үзік-үзік болып шығатын жазбалары бар «жіпке» назар аударыңыз, оны жарыққа тосып қарағанда біртұтас «жіп» болып анық көрінеді.

Сондай-ақ түпнұсқа өзіне тән дыбыспен ерекше шытырлайды, екіншіден – арнайы рельефі бар.
1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік купюраларда банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткен кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түстес өңге өзгереді.

Тегтер: Ұлттық банк

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz