Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үндістанның солтүстігінде су тасқынынан 100-ден астам адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігінде жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкінінің салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты.

12.07.2023
Жаңалықтар

India Today телеарнасының хабарлауынша, нөсер жауын елдің солтүстік-шығыс аймақтарында 8 шілдеде басталған. Оған екі фактор – муссондық жаңбыр мен Жерорта теңізі аймағынан ылғалды ауа массаларының ағыны әсер еткен. Нөсер жауын ел астанасы Дели аумағында, Химачал-Прадеш, Уттаракханд, Пенджаб, Харьяна, Раджастхан штаттарында, Джамму мен Кашмир одақтық территориясында болды. Сәрсенбі күні де Уттаракхандта қатты жаңбыр әлі жауып жатыр.

«Ең көп зардап шеккен – Гималай тауларының етегінде орналасқан Гимачал-Прадеш штаты. Мұнда лай көшкіні көптеп байқалған, көптеген елдімекен су астында қалды. Солтүстік штаттардың таулы аймақтарында жолдар жабылып, су басу салдарынан көлік қозғалысы тоқтатылды, соның салдарынан 300-ге жуық турист әлі таулы жерлерде бөгеліп тұр. Төтенше жағдай салдарынан штатта барлығы 80-ге жуық адам қаза тапты. Жаңбыр тоқтағанымен, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада

Толассыз жауған жаңбыр сейсенбі күні Делидегі Ямуна өзеніндегі су деңгейі қауіпті шегінен асып, соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Дегенмен, қала айтарлықтай қираған жоқ. Жексенбі күні Нью-Делиде тәуліктік жауын-шашын мөлшері 153 мм-ге жетіп, соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішті тіркеді. Делидегі жаңбыр салдарынан болған әр түрлі оқиғаларда бес адам қаза болды.

Тегтер: су тасқыныҮндістан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz