Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үйінде 3 келі мефедрон сақтаған астаналық ерлі-зайыптылар ұсталды

1 маусым мен 31 қазан аралығында өткен «Қарасора – 2022» алдын алу шарасы шеңберінде есірткі сатудың 60 фактісі тіркелді. Бұл туралы Астананың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных айтып берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

08.11.2022
Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

«Биылғы маусым айында есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаумен және өткізумен айналысқан елорда тұрғыны ұсталды. Ұсталған адамның гаражын тінту кезінде жалпы салмағы 40 келіге жуық марихуана тәркіленді», — деді Сергей Ильиных «Есіл» аудандық полиция басқармасында өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, қазір синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы мәселесі өзекті болып отыр.

«Биыл 27 шілдеде Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері Момышұлы даңғылында тұратын ерлі-зайыптыны ұстады және олардан жалпы салмағы 3 келі мефедрон тәркіленді. Есірткі өндіретін бір фитозертхананың қызметі тоқтатылды. Осылайша, 20 маусымда тұрғын үйдің жертөлесінде қарасора өсірген 2 азамат ұсталып, 6 келіге жуық марихуана тәркіленді», — деді Сергей  Ильиных.

Айта кетейік, елордада «Қарасора — 2022» жедел алдын алу шарасы кезінде есірткіге қатысты 358 құқықбұзушылық тіркелді.

130 келіге жуық түрлі есірткі, оның ішінде 54 келі марихуана, 61 келі гашиш және 14 келіге жуық синтетикалық есірткі заңсыз айналымнан шығарылды.

Тегтер: мефедрон

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz