Атап айтқанда, ережелерге екі тармақ қосылды.
- Қазақ тілін В1 (орта) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар адамдар қалауы бойынша бейіндік пәнді немесе «Қазақ тілі» ҰБТ арнайы пәнін тапсырудан босатылады. Бұған қарамастан білім беру гранты конкурсына қатыса алады немесе балдарды аудару шкаласына сәйкес ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.
- Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған түлектерге ҰБТ сертификаттары Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ сертификатының балдарына ауыстыру арқылы беріледі.