Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТЖМ вице-министрі су тасқыны болуы мүмкін екі облысты атады

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқыны жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2025
Жаңалықтар

Оның айтуынша, су тасқынының келесі кезеңі еліміздің Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарындаболуы мүмкін.

«Аталған өңірлерде алдын алу шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. Күштер мен құралдар резерві, соның ішінде әскери бөлімшелер де алдын ала жіберілді. Жағдай толық бақылауда. Қажет болған жағдайда қосымша күштер жөнелтіледі», – деді вице-министр.

Вице-министрдің мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғалы ел аумағында шамамен 4,3 миллион текше метр су сорылған, 600 мыңнан астам құм салынған қаптар төселіп, 800 шақырымнан астам арықтар тазартылған.

Сонымен қатар, 383 адам эвакуацияланып, 51 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілген, олардың барлығы кейін өз иелеріне қайтарылды.

Су тасқыны салдарынан 176 жол учаскесін су шайып, 25 жерде жолдарды су жырып кеткені тіркелген. Қазіргі таңда 21 автожол мен 5 су шайған учаске бақылауға алынған.

Бұл жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ресурстарды жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

 Фото: youtube.com/@ansa2573 скриншот

 

Тегтер: қазақстансу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz