Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Түркістан қаласында 752 жұмысшы жалақысын ала алмай отыр

Түркістан қаласындағы «Ақжол» ЖШС төрт ай бойы жұмысшылардың еңбекақысын төлемей келеді. Серіктестің берешек қарызы 232 млн 449 мың теңге болған, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

12.07.2022
Аймақ, Жаңалық, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Апта бұрын Түркістан қаласындағы «Ақжол» ЖШС жұмысшылары 4 айдан бері жалақыларын ала алмай отырғандығын айтып, наразылыққа шыққан болатын. Тіпті, уақытылы жалақы берілмесе, жұмысқа шықпаймыз деп шағымдарын жеткізген еді.

Бүгін өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәселенің мән-жайына қатысты жауап берді.

«Көтеріліп отырған мәселеде «Ақжол» ЖШС бас мердігер емес, қосалқы мердігер ретінде жұмыстар жүргізген. Алдағы уақытта серіктестік өздерінің атқарған жұмыстарын бас мердігерге толыққанды дәлелдеп берген жағдайда айтылған соманың барлығы төленеді», — деді қала әкімі.

Ал, қаланың бас прокуроры Жаннұр Ахметбек кез келген жұмыс беруші жұмысшылардың еңбекақысын заңмен көзделген мерзімде толық төлеуге міндетті екендігін жеткізді.

«Еңбекақыны төлеуде біреуге сілтеме жасап, жалтаруға құқы жоқ», — деді прокурор Жаннұр Ахметбек.

Жалпы серіктестік қаладағы құрылыс саласында, жол төсеу, темір бетон өндіру, кірпіш шығару бағытында қызмет атқарады. Облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы инспектор Аскар Сейтказиннің сөзіне сүйенсек, заңды тұлғаның жұмысшылар алдындағы жалақы қарызы наурыз айына 29 млн, сәуір айына 100 млн, мамыр 102 млн теңге болған.

«Міндетті түрде орындау үшін арнайы нұсқама берілді. Одан бөлек, заңды тұлғаға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Бұл жағдай бақылауда. Егер нұсқаманы уақытылы орындамаса, сот орындаушыларға өткіземіз», — деді инспектор.

Ал жұмысшылар еңбекақыларын толық алатынына әлі де күмәнмен қарайды.

Тегтер: еңбекақыжұмысшылартүркістан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz