Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан облысында түрменің төрт қызметкері жазаланды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №55 түзеу мекемесін тексеру барысында сотталғандардың әлеуметтік міндетті төлемдерге, медициналық сақтандыру және зейнетақы қорлары бойынша аударымдарды тексерді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Нәтижесінде жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған 134 сотталушыға міндетті медициналық сақтандыру жарнасы төленбеген. Сонымен қатар кейбір жұмыс істейтін сотталушыларға жоғарыда аталған себептер бойынша зейнетақы жарналары алынбаған.

Осыған байланысты уәкіл өкілі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Шымкент пен Түркістан облысы бойынша департаментіне ұсыныс жолдады. Нәтижесінде қызметтік тексеріс жүргізіліп, 134 сотталушының тиісті құжаттары ресімделді. Зейнетақы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналардың төленуі қамтамасыз етілді.

«Анықталған бұзушылықтарға жол берген мекеменің төрт қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Уәкіл өкілінің араласуынан кейін ғана сотталушылардың мүдделерін денсаулық сақтау және зейнетақымен қамсыздандыру салаларында әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылданды», — делінген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі берген мәліметте.
Тегтер: Басты жаңалықтартүркістантүрме

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz