Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан облысында балабақша бүлдіршіндері жаппай уланып, ауруханаға түсті

Түркістан облысы Келес ауданындағы балабақша бүлдіршіндері жаппай уланып, ауруханаға түсті. 2-3 жас аралығындағы балалар бастары айналып, бірінен соң бірі құсып, дене қызуы көтерілген соң қызметкерлер жедел жәрдем шақырған. Ауруханаға жеткізілген балалардың он бесі алғашқы көмек көрсетілген соң, үйге қайтарылған. Ал 19 баланың үшеуі жансақтау бөліміне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам
«Бүгіннен бастап науқастардың жағдайы қалыпты болуына байланысты үйлеріне шығара бастадық. Қазіргі таңда ауруханада жатқаны үш науқас жатыр, инфекцияда үш науқас жатыр. Қалған үш науастың жағдайы бірқалыпты. Емін алып жатыр», — деді Келес аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бекарыс Асқарбекұлы.

Қазір санитарлық эпидемология мамандары зертханалық тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша іс қозғады. Сараптама тағайындалды.

«Аталған факті бойынша полициямен «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды және барлық жағдайлар анықталуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады», — деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Келес ауданындағы жеке балабақшада болған жаппай улану жағдайына қатысты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы мәлімдеме жасады. Қазір сынамалар алынып, зерттеу жүргізіліп жатыр. Мамандар алдын ала болжам бойынша таңғы асқа берілген күріш ботқасынан күдіктеніп отыр.

«Сынамалар тағам өнімдерінен алынды, суларынан алынды. Науқастардан құсық және асқазан шайындылары, нысандардан сүртінділер алынды. Алдын ала зерделеу жұмыстарының нәтижесінде күріш ботқасынан болуы мүмкін деген күдік бар. Таңғы асқа күріш ботқасы берілген. Қазір күріш ботқасынан сынамалар алынып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы Нұрсұлтан Сапарғалиұлы.
Тегтер: улану

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz