Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Түрікменстанның сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Мемлекет басшысы түрікмен дипломатына ілтипат білдіре отырып, достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқан қазақ-түрікмен қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді.

«Біз Түрікменстанды сенімді стратегиялық серіктес және тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары елдеріміз арасындағы ынтымақтастық қарыштап дамып, соның ішінде экономиканың стратегиялық салалары тың қарқын алды», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ізгі тілегін жолдады.

Рашид Мередов дәстүрлі түрде құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша Астанамен арадағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Ашхабадтың бейілді екенін растады.

Кездесуде сауда-экономика, энергетика және көлік-логистика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ аталған жобаларды толықтай іске асыру маңызды екені атап өтіліп, бұл бауырлас мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарға жаңа сипат беретіні жайында айтылды.

Бұдан бөлек, жылдан-жылға тың мазмұнмен байып келе жатқан мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастыққа баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рашид Мередов өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін қарастырды.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz