Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026
Жаңалықтар

Президент бұл мейрамның мұсылман қауымы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Қадірлі отандастар! Ораза айт мерекесі құтты болсын! Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы отыз күн ораза ұстаған жандардың рухани тұрғыдан кемелденіп, төзімділік танытып, айналасына қамқорлық көрсететінін айтты. Сондай-ақ мұндай игі амалдар қоғамдағы бірлік пен берекені арттыратынын жеткізді.

«Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады», – деді Президент.

Тоқаев биыл Ораза айт пен Наурыз мерекелерінің қатар келуінің символдық мәніне ерекше тоқталды.

«Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Мұның символдық мәні зор», – деді ол.

Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, әділеттілік пен өркендеуге бағытталған жолды таңдады.

«Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке және табыс тілеп, елдің амандығы мен тыныштығын тіледі.

«Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Ораза айт қабыл болсын!» – деді Президент.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевОраза айт

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz