Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz7

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Оның айтуынша, Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналады. Пасха мейрамында және оған дайындық кезеңінде жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік, өзара көмек қасиеттері ел ішінде кеңінен дәріптеледі.

«Православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан Пасха дәстүрі отбасындағы ынтымақты сақтауға және адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді, үлкенге құрмет көрсетіп, жақыныңа жанашыр болуға баулиды», — деп хабарлайды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр.

«Халқымыз бейбітшілік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, білім мен инновация, қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалық қағидаттары берік орныққан озық елде өмір сүріп, еңбек етуге ұмтылады. Республикалық референдумда қабылданған Халық Конституциясы – соның айқын дәлелі. Біз қастерлі Отанымыздың болашағы жолындағы ортақ жауапкершілікті терең сезіне білсек, кез келген сын-қатерді еңсеріп, биік мақсаттарымызға жететінімізге кәміл сенемін. Осы жарқын мереке әрбір шаңыраққа шаттық пен бақ-береке сыйласын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және толағай табыс тілеймін!», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Ауыл құтқарушылары» 23 өрттің алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Алматы облысында 100 млн теңгеге бағаланған сынапты заңсыз сату әрекеті әшкереленді

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2026

Алматы-Бішкек тасжолында мопед пен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2026

Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2026

Алматы облысында психотроптық зат таратқан екі ер адам 9 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
11.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz