Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев офицерлік құрамға әскери атақтар беру және одан айыру қағидаларын бекітті

Президент жарлықпен жоғары басшы құрамға арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді беру, төмендету, айыру және арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді қалпына келтіру немесе жоғары офицерлік құрамға арнаулы атақтар беру, төмендету, айыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2025
Жаңалықтар

Мәселен, жоғары басшы құрамның арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атақтары Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен беріледі.

Жоғары басшы құрамның арнаулы атағы, сыныптық шені немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы:

  • генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші қызметкерге жоғары басшы құрам немесе жоғары офицерлік құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник, аға кеңесші атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін және жоғары басшы құрам немесе жоғары офицерлік құрам лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;
  • генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін;
  • генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ, сыныптық шен мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.

Қызметкерде алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда не егер оған қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатса, ол жоғары басшы құрамның арнаулы атағын, сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағын беруге ұсынылмайды.

Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын, сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағын беру туралы ұсынымды (бұдан әрі – ұсыным) Қазақстан Республикасының Президенті атына:

  • мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Әкімшілік) басшы лауазымды адамдары бойынша – Әкімшілік Басшысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) басшы лауазымды адамдары бойынша – Үкімет Аппаратының Басшысы;
  • басқа басшы лауазымды адамдар бойынша тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы енгізеді.

Ұсынымда қызметкердің кәсіптік және жеке қасиеттері, атқарып отырған лауазымындағы қызмет әрекетінің негізгі көрсеткіштері (тағайындалған кезден бастап динамикамен) көрсетіледі.

Ұсынымға мыналар қоса беріледі:

  • мемлекеттік орган алқасының* арнаулы атақ немесе сыныптық шен беруге қызметкердің кандидатурасын қарау туралы шешімінің көшірмесі (үзінді көшірмесі);
  • қызметкердің қызметтік тізімі;
  • қызметкердің өмірбаяны.

Әкімшілікке ұсынылған материалдар құжаттардың ресімделу сапасына және толық тізбесінің болуына тексеру жүргізу үшін Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі, оны жүзеге асыру мерзімі үш жұмыс күнінен аспайды.

Ұсынылған құжаттар көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін Әкімшілік Басшысына қарауға беріледі, ол ұсынылған кандидаттарды зерделеу жөнінде тапсырма береді.

Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімі белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жоғары басшы құрамның арнаулы атағын, сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағын беруге ұсынылған кандидаттар бойынша қажетті ақпарат пен материалдар сұратады.

Жоғары басшы құрамның бұрынғы арнаулы атағын немесе сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның бұрынғы арнаулы атағын қалпына келтіру басшылардың ұсынымы бойынша төмендетілген кезден бастап кемінде бір жылдан соң, Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша төмендету мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүзеге асырылады

Жарлық 2025 жылғы 21 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz