Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Өскемендігі Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Президент Өскемендегі Үстел теннисі орталығын аралап көрді Президентке берілген мәліметке сәйкес, орталық үстел теннисі бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Мұнда ірі жарыстар, бұқаралық спорт шаралары мен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Сондай-ақ инваклуб спортшылары, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби дәрістер, шоудаун (көзі нашар көретіндерге арналған үстел теннисі) ұйымдастырылады.

Ғимарат кәсіби теннис үстелдерімен және басқа да спорт құралдарымен жабдықталған. Орталықта спортшылардың жарыстардан кейін және жарақат алған кезде физиотерапия ем-шараларын алып, қайта қалыпқа келуі үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған дәрігерлік-денешынықтыру диспансері бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорттың осы түрі бойынша өңірдің жетістіктері туралы мәлімет берілді. Мысалы, өткен жылы облыс командасы Қазақстанның ашық чемпионатында жеңімпаз атанған.

Президентке тәжірибе алмасып, спорттық шеберлігін шыңдау үшін Үстел теннисі академиясын құру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz