Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Мұрат Әуезовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалым, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, дипломат Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

«Мұрат Мұхтарұлы ұлт руханиятының алға басуына, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы, парасатты тұлға еді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін, тарихын терең зерделеп, соңына өлшеусіз мол мұра қалдырды. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделінің артуына өзінің саяси-қоғамдық істерімен зор үлес қосты. Ғибратты ғұмыр кешіп, кемел де кемеңгер әке жолын лайықты жалғаған Мұрат Мұхтарұлының жарқын бейнесі мен қадірлі есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», — деп жазылған жеделхатта.
Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz