Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

2024 жылы 6 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2024
Жаңалықтар

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабар таратты.

Заң бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау формаларын ретке келтіруге, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Нақтырақ айтқанда, салалық заңдар деңгейінде жедел ден қою шараларын қолдану, тергеу жүргізу тетіктері, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалды.

Бірнеше салада бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартатын өзгерістер мен  толықтырулар енгізілді, соның ішінде:

  • балық шаруашылығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы перспективалы жер учаскелерінде балықты жасанды жолмен өсіру мүмкіндігін қарастыратын;
  • өсімдіктер карантиніне байланысты карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға әкімшілік жүктемені азайтуды; (фитосанитариялық сертификаттың күшін жоюды);
  • өнеркәсіп саласында отандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын өз елімізде шығатын шикізатпен қамтамасыз етуді:
  • мұнай-газ саласында шикі мұнайдан қайта өңделген өнімдердің шығу тегін растайтын құжаттар тізбесін нақтылауды;
  • қаржы нарығында банктермен өзара іс-қимыл жасау кезінде бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуді;
  • заңды тұлғаларды тіркеу кезінде заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын және т.б. мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық форматына ауыстыруды көздейтін бірқатар түзету енгізілді.
«Аталған шаралар кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдай туғызуға, жүргізілетін тексерулердің ашықтығын, сондай-ақ тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге арналған», — делінген Ақорда хабарламасында.
Тегтер: заң

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz