Мемлекет басшысы «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ Президент «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және аталған конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ақорданың мәліметінше, қабылданған құжаттар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және елдің орнықты дамуына ықпал етеді.





