Мемлекет басшысы қазақ даласы көптеген ұлы ойшылдардың мекені болғанын атап өтіп, олардың ішінде Әл-Фарабидің орны ерекше екенін айтты.
«Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді. Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы», – деді Президент.
Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары мемлекеттік марапаттар қатарына арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды. Бұл награда білім мен ғылым, мәдениет және руханият саласында елеулі жетістікке жеткен азаматтарға табысталмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Республика күні қарсаңында Қазақстанда «Мейірім» және Қожа Ахмет Ясауи ордендері алғаш рет табысталған болатын.





