Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Мұратұлы Мұратов Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Осыған дейін Мұратов Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басшысы қызметін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалар алдында ол бұрынғы әріптестеріне алғысын білдіріп, әлеуметтік желіде жылы лебізін жеткізді.
«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығындағы соңғы жұмыс күнім аяқталды. Медицинаға алғаш қадам басқан кезім есіме түсіп, бала кезімнен адамдарға көмек көрсетуді мақсат еткенімді сезіндім. Бұл қасиет ата-әжемнен дарыса керек. Әкемнің қолдауымен медицинаға жол тарттым. Осы уақыт аралығында бірге жұмыс істеген ұйымшыл ұжымыма зор алғыс білдіремін және бәріңізге қызмет жолында сәттілік тілеймін!» — деп жазды Мұратов Facebook парақшасында.