Олардың кейбірі кен орнындағы медициналық клиникаға жатқызылған.
ISKER ЖШС-нің 30-дан астам жұмысшысы түскі астан соң өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлік көмекке жүгінген. Оларға «орташа ауырлықтағы диарея» диагнозы қойылды.
Жеңіл дәрежеде зардап шеккен жұмысшылардың кейбірі жатақханаға жіберілген. Ал «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі бұл оқиға жайлы әлі ешқандай мәлімет берген жоқ.