Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тартылған Топар өзеніне су қайта жіберіле бастады — әкімдік

Қазіргі уақытта жергілікті билік Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылындағы су тапшылығы мәселесін шешу бойынша шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Күні кеше Балатопар ауылының тұрғындары наразылық акциясына шығып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сумен жабдықтау мәселесін шешуді өтінген болатын. Ауылда 4 жылдан бері ауыз су жоқ, халық оны көрші елді мекендерден тасып ішуге мәжбүр. Сонымен қатар, осы жазда Топар өзені тартылып қалды.

Тұрғындар бұған латифундистердің жерлерін суаруға көп мөлшерде су жіберілуі себеп екенін айтады. Балқаш ауданы әкімдігінің қызметкерлері Alataunews.kz агенттігіне акцияға қатысушылармен сол күні аудан әкімінің орынбасары Б. Дәрібаев кездескенін хабарлады.

«Қапшағай су қоймасынан су беру қарқынының төмендігінен Іле өзеніндегі су деңгейі төмендеді, соның салдарынан Топар өзеніне су келмейді», — деп атады әкімдік судың тартылу себебін.

«Қазіргі уақытта каналдарды жабу арқылы Топар өзеніндегі су деңгейін көтеру жұмыстары жүргізіліп, өзенге су ағып жатыр», — деп түсіндірді әкімдік қызметкерлері.

Мәселенің мән-жайы анықталған соң акцияға қатысушылар тарады. Еске салайық, Балатопар ауылдық округі аудан орталығынан 156 км жерде орналасқан. Жергілікті халық саны 2 мыңнан асады. Тұрғындардың негізгі кәсібі — мал шаруашылығы.

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz