Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Тарих пен ерлiктiң тiрi куәсi: Ольга Зарявняктың өмiр жолы

Қазақстанның тәуелсiздiк тарихында ел дамуына зор үлес қосқан тұлғалар аз емес. Солардың бiрi — Маңғыстау өңiрiнiң ардагерi, қоғам қайраткерi Ольга Зарявняк.

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2025
Жаңалық

Ол бар ғұмырын халыққа қызмет етуге арнап, әлеуметтiк және мәдени салаларда елеулi iз қалдырды.

Ольга Зарявняк 1927 жылы дүниеге келген. Соғыс басталғанда небәрi 14 жаста болса да, туған қаласындағы партизан отрядына қызмет еттi. Ол маңызды ақпараттарды тасып, жараланған сарбаздарға көмек көрсеткен. 1942–1945 жылдары Белорусь, Польша және Германия майдандарында болып, майдан шебiнде жауынгерлермен қатар ерлiкпен күрестi.

Соғыстан кейiн де ұзақ уақыт әскери госпитальда қызмет еткен Ольга 1946 жылы бейбiт өмiрге оралып, Маңғыстауға қоныс аударады. Ол Ақтау қалалық ауруханасында медбике болып еңбек етiп, кәсiби бiлiктiлiгi мен мейiрiмi арқасында үлкен беделге ие болды. Емделушiлер оны «Мейiрiм иесi», «Тыныштықтың елшiсi» деп атады.

97 жасқа толған Ольга Зарявняк бүгiнде де соғыс жылдарын жатқа бiледi. Ол өз сөзiнде: «Соғысты ешкiмнiң көрмегенiн тiлеймiн. Аспанымыз әрдайым ашық, жерiмiз тыныш болсын!» — деп, бiрлiк пен бейбiтшiлiктiң қадiрiн терең сезiндiредi.

Ольга апай өмiр бойы тiгiн шеберi болып жұмыс iстедi. Өз қолымен тiккен кестелi бұйымдары бүгiнге дейiн көздiң қарашығындай сақталған.

2015 жылы Украинадан Ақтауға қоныс аударған Ольга әжей Қазақстанды өзiнiң Отаным деп санайды:

«Сұрапыл соғысты бiз көрдiк, балаларымыз көрмесiн. Қазiр ең керемет заман. Ел тыныштығы — баға жетпес байлық!» — дейдi ол.

Оның соғыста көрсеткен ерлiгi мен еңбегi мемлекет тарапынан да лайықты бағаланды. Ол бiрнеше мерейтойлық медальдар мен ордендермен марапатталған:

  • «Украинаның фашистiк басқыншылардан азат етiлгенiне 60 жыл»,
  • «Улы Отан соғысының 60, 65 жылдығы»,
  • «Отан қорғаушыға»,
  • «Нацизмдi жеңгенге 70 жыл»,
  • «Азат етушi ардагер»,
  • «Соғыс ардагерi» медальдары мен «Ерлiгi үшiн» орденiмен.

2024 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күнiне орай Маңғыстау облысының әкiмi Нұрлан Ноғаев Ольга Зарявнякқа арнайы барып, алғыс бiлдiрдi. Сондай-ақ, Ұлы Жеңiстiң 80 жылдығы қарсаңында оны тағы да арнайы құттықтап, өмiр жолын ерлiк пен жанқиярлықтың жарқын үлгiсi ретiнде атап өттi.

Ольга Зарявняк — батырлықтың, еңбектiң, адалдықтың жарқын бейнесi. Оның өмiрi жас ұрпаққа өнеге, рух бередi, бейбiтшiлiктiң қаншалықты қымбат екенiн еске салады.

 

Авторы: Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті филология факультеті 1 курс студенті Арысбай Мөлдір

Ғылыми жетекші: Қозыбақова Фатима

Тегтер: ардагержеңіс күні

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz