Актер Үсіпхан Сейтімбет өмірден өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.
«Қазақ өнері ауыр қайғыға ұшырады. Театрымыздың актері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы, «Құрмет» орденінің иегері Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет дүниеден өтті.
Ол саналы ғұмырын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына арнап, тума таланты, табиғи дарыны арқасында әр жанрда есте қаларлық санқырлы образдар галереясын жасады. Халық жадында бойына барлық өнерді қабыстыра білген шебер актер ретінде қалды…
Марқұмның отбасы мен жақындарына, бүкіл театр ұжымына қайғырып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болып, жаны пейіште шалқысын. Артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін!», -дейді Мұхтар Әуезов театрының ұжымы.





