Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру.
Форумды Алматы облысы полиция департаментінің есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Шараға 500-ге жуық жас қатысып, құқықтық мәдениет, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмысы, киберқылмыс және діни экстремизм мәселелерін талқылады. Спикерлер қатарында мемлекеттік органдар, прокуратура, полиция және психологиялық қызмет өкілдері болды.
Сарапшылар жастардың құқықтық санасын арттыру, интернет қауіпсіздігі және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында пікір білдіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, форум барысында танымал спортшылар салауатты өмір салтын насихаттады.
Іс-шара аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік жұмыстар марапатталды.
Кинологтар қызметтік иттердің қатысуымен көрсетілім ұсынып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Форум соңында қатысушылар заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.





