«Көкейдегі бір арман бар. Ғимараттың маңдайына «Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйі» деп жазу. Ұсынысты қолдайды деп сенеміз», — деді Серік Сарыбай.
Бейсен Абайұлы Құранбек — белгілі қазақстандық журналист және тележүргізуші.
1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінің тілшісі, жауапты хатшысы болып бастаған.
Одан әрі кәсіби жолы теледидармен байланысты болды: «Рахат», «31 арна», «Хабар» телеарналарында, Президенттік телерадиокешенде жұмыс істеді.
2007-2012 жылдары – Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры.
2013-2017 жылдары «Qazaqstan» телеарнасында «Айтуға оңай» авторлық бағдарламасының жүргізушісі.
2014-2020 жылдары – Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Сыйлығының лауреаты (2006). «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Бейсен Құранбек 49 жасында өмірден озды.