Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талдықорғанда жүргізуші эпилепсиямен ауыратын жолаушыға көмектесті

Қала әкімінің орынбасары Диас Ахметқалиев автобус жүргізушісіне жедел көмегі үшін алғыс хат табыс етті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

02.10.2022
Жаңалықтар

30 қыркүйекте №24 автобус жолаушыларының бірі ауырып қалған. Оған қоғамдық көлік жүргізушісі Марат Амантайұлы дер кезінде алғашқы көмек көрсетті.

Жолаушылар көлігінің жүргізушісі Марат Амантайұлы болған оқиға туралы айтып берді.

«Бұл шамамен таңғы 10-да болды. Автобус жолаушылары шулай бастады. Сол кезде салонда жігіттің ауырып қалғанын көрдім. Ол дірілдеп жатты. Мен бұл эпилепсия екенін бірден түсіндім, өйткені мен ондай жәйтті бірінші рет көріп тұрған жоқпын», — деді жүргізуші.

Ол жігітті бүйірінен жатқызып, алғашқы көмек көрсетті. Бұл кезде көліктегі адамдар не істерін білмей абдырап қалған. Сондай-ақ, Марат Амантайұлы бұл жағдай туралы әлеуметтік желілерге кім жариялағанын білмеймін дейді.

Әлеуметтік желідегі оқиға туралы видеоға оқырмандар көптеген жағымды пікірлер қалдырған.

Эпилепсиямен ауыратындарға шұғыл көмек көрсету жолы қаперіңізде жүрсін:

Науқастың басының астына жұмсақ, тегіс зат қойып қырынан жатқызу керек. Оны ұстама кезінде ұстап тұруға болмайды. Эпилепсия кезінде адам жағын өте үлкен күшпен қысып алады. Оны ашу кезінде тісі сынып кетуі немесе көмектесетін адам саусағын сындырып алуы мүмкін. Сондықтан аузына ептеп орамал салыңыз. Науқас ес-түссіз жатқанда немесе ұстама кезінде оған аузы арқылы дәрі немесе су беруге болмайды! Сосын оны ұрғылап есін жиғызу өте қауіпті дейді дәрігерлер.

Науқастың аузынан көбік ағып жатса, өз сілекейіне тұншығып қалмас үшін қырынан жатқызу керек.

Адам қалың,тығыз киім киген болса, дем алуды жеңілдету керек.

Эпилепсия қысқа уақыт аралығында бірінен соң бірі кезектесіп келетін ұстама. Аурудың басты клиникалық көрінісі- дем алу, циркуляторлық және зат алмасу бұзылыстарына себепші болатын құрысу синдромы.

Бүгінгі таңда елімізде 70 мың адам эпилепсиямен ауырады.

Соңғы жаңалықтар

Фото: kopsozkz

Конституция күні жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі

Мөлдір Иманмади
16.03.2026

Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарында референдумға қатысу 90 пайыздан асты

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Exit poll: қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Алматы облысында референдум қалай өтті?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында ерекше жағдай: учаске жабылған сәтте келген тұрғын дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz