Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда турникке тартылу бойынша республикалық «TARTYL FEST» спартакиадасы өтті

Талдықорғанда турникке тартылу бойынша республикалық «TARTYL FEST» спартакиадасы өтті. Оған 300-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

14.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қонаев қаласынан бастау алған турникке тартылудан республикалық жарыс, Талдықорған қаласында өз жалғасын тапты.

«Мақсатымыз еліміздегі көптеген дарынды, талантты жастарға, көпір болу. Тек елде ғана ұйымдастырып қоймай, әлемдік додаға қосу. Бұл тек қана турник емес, басқа да жарыстарды насихаттау, турнир — алғашқы әрекет, алғашқы бастама деп айтуға болады», — деді қордың жетекшісі Нұрлан Қоянбаев.

«Кермеге тартылу жастардың көпшілігі қызығатын спорт. Жарыстың талаптары өте қарапайым. Сондықтан жиі ұйымдастырып, атлеттердің шеберлігін шыңдауымыз керек. Олардың арасындағы үздіктерін тауып, ел құрамасына қоссақ дейміз», — деді бас төреші Айтым Жақыпов.

Жарысқа 288 спортшы қатысты. Салмақ дәрежесі бойынша 3 топқа бөлінген. Сайыскерлердің ішінде қол күрестен Әлем және Азия чемпионы Әбдуәли Тастанов та бар.

«Бала күнімде осы турникпен өскем. Ол кезде 57 келі едік, турникке 100-ден асыра тартылатынмын. Қазір салмағым 90 кг. Қазақтың өсіп келе жатқан балаларына өте керемет іс-шара. Сол жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, спортты серік етуге үлгі болайын деп келіп тұрмын», — деді Армрестлингтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әбдуәли Тастанов.

Жарысқа Жетісу облысынан кіл мықтылар жиналды. Әсіресе Көксу ауданынынан көп спортшы келді. Ішінде кермеге тартылудан түрлі жарыстардың жеңімпаздары да бар. Солардың бірі — Игілік Дәрімбаев.

«27 жылдай болды, турникке тартылып, брусиямен айналысып жүргенімізге. Аяқ-қолды, денені дұрыс ұстау керек. Турникке тартылу үшін салмақтың жеңіл болғаны жөн», — дейді Игілік Дәрімбаев.

Жарыс қорытындысы бойынша, 18-30 жас аралығында 65 кг дейін 1-ші орынды Нұрбатыр Худайбердиев, 65 пен 80 кг аралығында Асқар Сейдахмет топты жарды, 80 кг жоғары салмақ дәрежесінде Мерхат Талғатұлы чемпион атанды. Ал 30 жастан жоғары 80 кг дейінгі азаматтар арасында Мадияр Байзақов жеңіске жетті, 80-90 кг арасында Ғалым Жылқыбаев топты жарса, 90 кг салмақ дәрежесінде Әділет Мақсұтов чемпион атанды. Үздік шыққандардың барлығы медальдан бөлек ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында болатын Қазақстан чемпионатына қатысады. Ол жерде үздік болғандар Финляндияда өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорайды.

 

1 of 7
- +
Тегтер: Жетісу облысыспартакиадаТалдықорғантурникке тартылу

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz