«26 қыркүйек күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен және Ұлттық ұланның «Бүркіт« арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп Талдықорғанда арнайы операция өткізді. Қала орталығындағы қонақүйлердің бірінде тәртіп сақшылары оқ-дәрінің толық жиынтығы бар тапаншамен қаруланған 38 жастағы ер адамды ұстады», — делінген мәліметте.