Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талдықорғанда 12 жастағы қызды аңдыған ер адам ұсталды

16 қарашада Талдықорған полицейлеріне көшелердің бірінде белгісіз адам 12 жасар оқушыны аңдып, тиіспек болғандығы туралы хабар келіп түскен. Шабуыл сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

18.11.2022
Жаңалықтар

16 қарашада кешкі уақытта Талдықорғанда белгісіз ер адамның 12 жастағы қызға тиіспек болған видеосы әлеуметтік желіге тараған. Полиция ер адамды анықтауға және ұстауға қатысты іс-шараларды дереу ұйымдастырған.

«Шабуыл сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктінің нақты белгілерінің бірі оның қызыл күртешесі болды. Жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам Талдықорған қаласының полиция бөліміне жеткізілді», — деді Жетісу облысты ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Ал күдікті арам ойы болмағанын айтады.

«Қызыл курткадағы менмін. Көшеде өтіп бара жатып, қызбен соғылып қалғаным рас. Қыздың әке-шешесінен, қала тұрғындарынан кешірім сұраймын», — дейді ол.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 124-бабы (жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

Бұған дейін Талдықорғанда 12 жастағы қыз баланы аңдып, тиіспек болған ер адамның іздестіріліп жатқаны жайлы ақпарат бергенбіз.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев поздравил казахстанцев с Наурызом

Николай Иващенко
21.03.2026

В Конаеве с размахом отметили Наурыз: этнодеревня, концерт и посадка деревьев

Николай Иващенко
21.03.2026

В селе Кемертоған реализуется проект модернизации системы водоснабжения

Николай Иващенко
21.03.2026

Замминистра обороны проинспектировал гарнизоны Алматинской области: акцент на условиях службы и поддержке военнослужащих

Николай Иващенко
21.03.2026

Рассмотрен особый режим управления для города Алатау

Николай Иващенко
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz