Жалпы газдандыру жобасы 4 кезеңге және 22 іске қосу кешеніне бөлінген. Барлығы 54,4 мың абонентті газбен қамтамасыз ету қарастырылып, оның ішінде 28,6 мың абонент іске қосылған.
Осы жылдың наурыз айынан бастап 524 жеке меншік үйге желілердің құрылысы жүргізіледі.
Бүгінгі таңда газбен жабдықтау желілерінің құрылысына мердігерлерді анықтау бойынша конкурс өткізіледі:
- «Жастар-2» жеке тұрғын үй құрылысы үшін құны 295 млн теңге, 2022 жылға 236 млн теңге бөлінді;
- «Ынтымақ» ЖТҚ — да құны 1,5 млрд теңге, 2022 жылға 600 млн теңге бөлінді.
Құрылысты аяқтауға барлығы 959 млн. теңге көлемінде қаржыландыру қажет.
Айта кетсек, күрделі мәселелердің бірі қала маңы (пригородный), Үйтас, 3 бөлімше және Береке елді мекендерін газдандыру. Газбен жабдықтау желілері тартылды, бірақ әлі күнге дейін қосылған жоқ.