Полиция молдаға шабуылдаған жігітті ұстады. Ол 33 жастағы діни деструктивті ағымның жақтаушысы болып шықты. Іс жүзінде ҚР ӘҚБТК-нің 73-1-бабында көзделіп, соттың қарауына жіберілді. Ер адам жеті тәулікке қамауға алынды.
«Маусым айының басында діни рәсім кезінде мешіт имамы мен деструктивті ағымды қолдаушылар тобы арасында келеңсіз оқиға болған. Рәсім аяқталғаннан кейін жанжал мешіт аумағында жалғасқан. Ашуға бой алдырғандардың бірі ауызбен арбасқанды қойып, жұдырыққа жүгінген. Салдарынан мешіт имамына дене жарақатын салған», — деп хабарлайды Алматы облысының ПД баспасөз қызметі